Қытайда Алматының туризм күндері өтеді
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің бапасөз қызметі Қытайда Алматының туризм күндері өтеді, деп хабарлайды Todayinfo. Қала әкімдігінің мәліметінше, іс-шара 14 қазанда Сианда, ал 16 қазанда Бейжіңде ұйымдастырылады. Мақсат — халықаралық туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайту және

Фото: Алматы қаласы әкімдігінің бапасөз қызметі
Қытайда Алматының туризм күндері өтеді, деп хабарлайды Todayinfo.
Қала әкімдігінің мәліметінше, іс-шара 14 қазанда Сианда, ал 16 қазанда Бейжіңде ұйымдастырылады. Мақсат — халықаралық туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайту және қаламызға туристер тарту.
Бағдарлама аясында Қытайдың жетекші туроператорлары және әуе компанияларымен келіссөздер, сондай-ақ Алматының бірегей туристік ұсыныстарының тұсаукесері жоспарланған. Қатысушылар қазақстандық артистердің өнерін тамашалап, қолөнершілердің шеберлік дәрістеріне қатысып, ұлттық тағамдардың дәмін татады.
Соңғы күні ірі туроператорлар арасында Алматыда турдың ұтыс ойыны өткізіледі. Жеңімпаздар «Медеу» мен «Шымбұлақ» сияқты көрнекі орындармен таныса алады.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·