Қытай құрамасындағы қазақ қызы Азия ойындарының алтынын жеңіп алды
Фото: Туризм және спорт министрлігі Этникалық қазақ қызы Ақнар Адаққызы Қытай құрамасының сапында Харбиндегі Азия ойындарында алтын медаль иеленді, , деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Ол конькимен жүгіру спортындағы әйелдер арасындағы командалық жарыстың финалынд

Фото: Туризм және спорт министрлігі
Этникалық қазақ қызы Ақнар Адаққызы Қытай құрамасының сапында Харбиндегі Азия ойындарында алтын медаль иеленді, , деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Ол конькимен жүгіру спортындағы әйелдер арасындағы командалық жарыстың финалында Қытай командасының мүшелері Хань Мэй және Ян Биньюймен бірге қарсыластарын басып озып, жеңімпаз атанды.
Ақнар Ардаққызы 1999 жылы 1 маусымда Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы, Хутуби ауданына қарасты Шытызы ауылында дүниеге келген.
Спортшы бұған дейін де Қытай атынан халықаралық жарыстарға қатысқан. Оның жетістіктерінің қатарында 2022 жылғы Бейжің қысқы Олимпиадасы бар. Азия ойындарындағы бұл жеңіс Ақнардың спорттық мансабындағы ірі жетістіктерінің бірі саналады.
Ақнар бастаған Қытай құрамасы командалық жарыстың финалында керемет өнер көрсетіп, Азия ойындарының алтынын қанжығаларына байлады. Бұл жеңіс спортшының таланты мен еңбегінің жемісі екенін көрсетті.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·