Қырғызстан президентінің жиені екінші рет Олимпиада жүлдегеріне тұрмысқа шықты
Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың жиені Лазат Нұрқожоева мен Олимпиада балуаны Амантур Исмаиловтың кыз узату рәсімі Бішкектегі мейрамханалардың бірінде өтті. Үйлену тойы 21 ақпанға жоспарланған, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Таралған бейнежазбаларда Аман

Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың жиені Лазат Нұрқожоева мен Олимпиада балуаны Амантур Исмаиловтың кыз узату рәсімі Бішкектегі мейрамханалардың бірінде өтті. Үйлену тойы 21 ақпанға жоспарланған, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Таралған бейнежазбаларда Амантур Исмаиловтың қалыңдығын үйінен алып кеткен сәті көрсетілген. Кадрлардан Қырғызстан президентінің ағалары – Сабыр Жапаров пен Доолот Жапаров және қалыңдықтың әкесін көруге болады.
Париж-2024 Олимпиадасында 67 келі салмақта ел намысын қорғаған. Ол 1/8 финалда Грузия балуанын жеңгенімен, ширек финалда Украина спортшысына жол берді. Қола медаль үшін өткен белдесуде Әзірбайжан балуаны Хасрат Джафаровқа 0:8 есебімен жеңіліп, бесінші орынға ие болды.
Еске сала кетсек, өткен жылы Лазат Нұрқожоеваға бұрынғы сүйіктісі Афтандил Сабырбеков тікұшақпен сөз салып, бұл оқиға Қырғызстан қоғамында үлкен талқыға түскен болатын. Кейін Сабырбеков құқық қорғау органдары тарапынан ұсталып, екі жас екі жаққа кеткен. Осы жағдайдан жарты жыл өткен соң, Лазат Нұрқожоева спортшы жігітке тұрмысқа шығу туралы шешім қабылдады.
қыз ұзатуүйлену тойыгрек-рим күресіЛазат НұрқожоеваОлимпиадаСадыр Жапаровтікұшақ оқиғасы.ҚырғызстанАмантур Исмаилов
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·