Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Құрбан айт 2026: Қазақстанда қашан және қалай өтеді?

2026 жылы Құрбан айттың қашан болатыны, мерекенің дәстүрлері мен құрбандық шалу ерекшеліктері белгілі болды.

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Құрбан айт 2026: Қазақстанда қашан және қалай өтеді?
📷 Дереккөз: tengrinews.kz

Ислам дініндегі басты мерекелердің бірі – Құрбан айттың 2026 жылы Қазақстанда қалай өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі. Көптеген отбасылар қазірден бастап дайындыққа кірісіп, қонақ шақыруды, дастархан мәзірін және құрбандыққа шалынатын малды таңдауды жоспарлап жатыр.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) күнтізбесіне сәйкес, 2026 жылы Құрбан айт 27 мамырға сәйкес келеді. Дәстүр бойынша бұл мереке үш күн бойы – 27-29 мамыр аралығында аталып өтеді.

Құрбан айттың жыл сайын әртүрлі күнге келуі оның исламдық ай күнтізбесі – хижра бойынша анықталуына байланысты. Айт мерекесі Зүл-хижжа айының 10-шы күні тойланады.

Ұқсас материалдар