“Қар тез әрі көп ерігендіктен Мичурин ауылдық округінде елді мекендердің көшелері мен жолдарын қазу туралы шешім қабылданды. Мұның бәрі тұрғын үйлер мен халықтың мүлкін сақтау үшін жасалып жатыр”, – деді ол.Аудан әкімі тұрғындарды сабырға шақырып, дүрбелең салмауды сұрады. Оның айтуынша, оқиға орнында барлық қажетті техника мен төтенше жағдай департаментінің жеке құрамы жұмыс істеп жатыр. Болған жағдайға байланысты әкімдікте жедел штаб құрылған. Тұрғын үйлерді су баспаған және тұрғындардың мүлкі зақымданбаған. Әкімдік жағдайдың бақылауда екенін мәлімдеді. Сондай-ақ түнде еріген қар суының Қостанай қаласындағы Құнай шағынауданына жеткені белгілі болды.
Қостанайдағы қарбалас: дайындықтың жоқтығынан ауылды жарты сағатта су басып қалған
Қостанай ауданына қарасты Мичуринское кентінің “Восточный” шағынауданының тұрғындары 29 наурыз күні кешке көшелерді аз уақытта су басқанын айтып, дабыл қақты. Олар су астында қалған жолдарды видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады, деп хабарлайды Todayinfo.kz

Қостанай ауданына қарасты Мичуринское кентінің “Восточный” шағынауданының тұрғындары 29 наурыз күні кешке көшелерді аз уақытта су басқанын айтып, дабыл қақты. Олар су астында қалған жолдарды видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Олардың айтуынша, жарты сағатта шағынауданның жолдары мен аулаларын еріген қар суы басып қалған. Бұл туралы “Алау” ақпараттық порталы Instagram парақшасында жазды.
Қостанай ауданының әкімі Олжас Нұрғалиев тұрғындардың мүлкі зақымданбас үшін жолдар қазылып жатқанын айтты.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·