View this post on Instagram
Қостанайда құстар қырылып жатыр: Жергілікті әкімдік зертханалық қорытындыны мойындамай отыр
Қостанай облысында тоғыз жылдан бері қаз өсіріп келе жатқан кәсіпкер Жанат Ғаббасов соңғы екі аптада құстарының жаппай қырылғанын айтады. Оның сөзінше, ол облыстық ветеринарлық инспекцияға да, әкімдікке де бірнеше рет жүгінгенімен, ресми қойылған пастереллёз диагнозы өтемақы бері

Қостанай облысында тоғыз жылдан бері қаз өсіріп келе жатқан кәсіпкер Жанат Ғаббасов соңғы екі аптада құстарының жаппай қырылғанын айтады. Оның сөзінше, ол облыстық ветеринарлық инспекцияға да, әкімдікке де бірнеше рет жүгінгенімен, ресми қойылған пастереллёз диагнозы өтемақы берілетін аурулар қатарына кірмейтіндіктен, шығынды өтеу мәселесі шешілмей тұр, деп хабарлайды Todayinfo.
Кәсіпкер мәселенің анық-қанығына көз жеткізу үшін өз қаражатына құс үлгілерін Алматыдағы Микробиология және вирусология ғылыми-зерттеу институтына жіберген. Сараптама нәтижесі құстардан жоғары қауіпті құс тұмауының H5N1 штаммын анықтаған. Алайда оның айтуынша, жергілікті ветеринарлық станция бұл тәуелсіз сараптаманы қабылдаудан бас тартып отыр.
Кәсіпкерлер мұндай жағдайлар саладағы бақылаудың әлсіздігін, ал ауылдағы шаруалардың мәселесі қағазда ғана “шешілетінін” айтып, дабыл қағуда.
Фото: Freepik
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·