Қостанай облысында ит қапқан 13 адамға құтырма диагнозы қойылды
Қостанай облысында ит қауып алғандардың дені – балалар мен жасөспірімдер, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі Kazinform -ға сілтеме жасап. Облыстық СЭС департаменті 1 700-ден аса ит қауып алу жағдайы тіркелгенін мәлімдеді. Оның 879-ы – бұралқы иттер. Сондай-ақ облыстың 710

Қостанай облысында ит қауып алғандардың дені – балалар мен жасөспірімдер, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап.
Облыстық СЭС департаменті 1 700-ден аса ит қауып алу жағдайы тіркелгенін мәлімдеді. Оның 879-ы – бұралқы иттер. Сондай-ақ облыстың 710 тұрғыны мысықтан, 8-і жылқыдан, 11-і ірі қарадан, 108-і жабайы жануарлардан зардап шеккен.
Зардап шеккендердің 1096-сы жедел жәрдемге қауіпті жағдайда (бас, бет, мойын, саусақтар мен қолдар жарақаты) жүгінген.
Ит қапқан 13 адамнан құтыру диагнозы анықталды. Зардап шеккендерге құтырмаға қарсы екпемен шұғыл медициналық көмек көрсетілді.
Бұл өңірде құтырма ауруы соңғы рет 2015 жылы тіркелген. Бұған дейін Қостанайда бұралқы иттерді аулау және зарарсыздандыру бағдарламасы қайта қолға алынғаны айтылған болатын.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·