Ақұштап Бақтыгерееваға қатысты тағы бір дау басталды. Бұл жолғы дау ақын әжейдің мінезі мен бұйыра сөйлеп, қомақты ақша алатыны жайлы болмақ. Ақынның байбалам салған әрекеті жайлы Қадыр Мырза Әли орталығының директоры Талғат Мықи жазды, деп хабарлайды Todayinfo.kz.
Ақын мен орталық директорының арасындағы даулы әрекет қаз қалпында берілді:
АДЫР ОРТАЛЫҒЫНА НӘҒЫП ЖАНЫҢЫЗ АШЫП КЕТТІ???
Бұл сұрақ, Ақұштап апа, сізге қойылады!!!
Мені Қадыр орталығына басшылыққа тағайындағаннан кейін Сізден ватсап арқылы келген алғашқы хаттың мәтіні дәл осындай болды:
«КЕШІН ӨТКІЗ ОСЫНДАЙ ЖАСТАРДЫҢ. «ҚАДЫРСАРАЙ» ЖЕКЕМЕНШІК ЖЕР ЕМЕС ШЫҒАР!»
Дәл осылай жазып, фейсбуктің сілтемесін жібергенсіз. Сілтемені аштым. Бір ақын ініміздің Сізге арнаған АРНАУ өлеңі екен...
Апа! Алдымен «Айналайын, алдағы жұмысыңа сәттілік...» деп, аналық мейіріммен ақ батаңызды беріп, ақыл-кеңесіңізді айтсаңыз болмас па еді... Қалған өтініш-тапсырмаңызды айтуға Алланың берген уақыты содан кейін де жететін еді ғой. Сіз жоғарыдағы екі ауыз сөзді соңғы сөзіңіз құсатып дүрс еттіңіз.
Жастарға жаныңыз ашыса, айтайын...
Жерлес ақын інілерім Шерхан Талап пен Марлен Ғилымхан «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына ие болды, ел жақта екеуі де елеусіз қалды. Былтыр тұңғыш рет табысталған жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлығына Бауыржан Ширмединұлы «Драма» жанры бойынша, Аслан Тілеген «Балалар әдебиеті» жанры бойынша ие болды. Олар да туған жерінде елеусіз қалды.
ЖАСТАРҒА ЖАНЫҢЫЗ АШЫСА алдымен соларды неге атамайсыз? Әлде, «қамқорлығыңызды» сезіну үшін олар да Сізді мақтап, өлең арнау керек пе???
Сонда Сіз ұсынған адаммен кеш өткізуді кешіктергенім үшін жазықты болып қалдым ба? Әйтпесе, Сізбен жеке бас араздығым жоқтығын білем. Бетіңізге келген жерім де жоқ.
Айтпақшы, Ғ.Есқалиев әкім боп тұрған кезде тұтынған заттарыңызды осы орталыққа қойдырам деп жергілікті басшылықты біраз әуреге салдыңыз. Бәлкім ол жоспарыңыз жүзеге аспағасын осы орталық «назарыңызда» шығар.
Саяси ойындарды шебер меңгерген әккі адамсыз ғо. «Бұл кеште дін туралы ештеңе айтылмайды, тек әдебиет пен өнер, айтыс туралы айтылады» дегеніме қарамастан Мұхамеджан Тазабекпен өтетін кешті саясиландырып, елдің назарын соған бұрып өз пайдаңызға шешіп тыңдыңыз... Қадыр орталығына «жанашыр» бола қалдыңыз. «Қадырдың аруағын сыйлаңдар!» деп дәу леп белгісін былш еттіңіз.
Қадыр орталығына жаныңыз ашыса, айтайын...
Былтыр Қадыр Мырза Әлінің 90 жылдығы мен ақын атындағы орталықтың 10 жылдығы тойланды. Шақырулы қонақтардың ішінде Сіз де болдыңыз. Келіп тойға қатысып кеткеніңіз үшін қомақты қаламақы алдыңыз! Ал, Қайнар Олжай ағамыз «Айналайындар, маған ештеңе керек емес! Қадыр ағамның аруағынан ұят болады...» деп, ұсынылған қаламақыдан үзілді-кесілді бас тартты. Қадырдың аруағын сыйласаңыз сондай ірілік ең бірінші Сіздің тараптан болу керек еді... Тіпті ақынның ескерткішіне келіп тұрып, 30 метр жердегі Қадырсарайдың табалдырығынан аттамай кеттіңіз!
ОРТАЛЫҚҚА ЖАНЫҢЫЗ АШЫСА, сол кезде ғимараттың қазіргі жағдайын көзбен көріп, жоғын түгендеп шықпайсыз ба... Жетіспейтін қажеттілігін тойдың үстінде қазіргі облыс басшылығына жеткізсеңіз, біраз жыртығы жамалып қалатын еді орталықтың. Оған беделіңіз жетіп, сөзіңіз өтетіні шүбәсіз!
Қазіргі таңда Қадыр орталығы жетім баланың күйін кешуде. Басқа материалдық-техникалық базасын айтпағанда, күнделікті жұмысқа ауадай қажетті компьютер мен принтерлерін акыстыратын кез болды. Жаңартуға қанша қаржы сұрап шырылдасақ та, сұранысымыз жарты жолдан қайтады.
Сіз болсаңыз облыс басшылығына сөзіңіз өтетін беделіңізді бір сағатта өте шығатын шараға жұмсап әлексіз...
Ал, жеке шаруаңызға қажетті кезде бәрін қорқытып-үркіткенде алдыңызға жан салмайсыз.
Ел кімнің кім екенін жақсы біледі ғой. Сіздің «жанашырлығыңызға» бәрі тойып болған. Сондықтан жеке мүддеңізге қатысты мәселені елдегі оқиғаларға араластырмаған жөн. Білем, өзіңізге тән тәсілмен ертең менің де соңыма шам алып түсесіз.
Қатты керек болса орнымды босатып берейін, келіп Қадыр орталығын басқарыңыз!!!




