Қорғаныс министрінің жас әйелі туралы тың дерек шықты
Желіде жарияланған Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың отбасымен түскен фотосуретіндегі жас әйелі қызу талқыға түсті, деп хабарлады Todayinfo. Отбасылық суреттер Астанадағы фотостудиялардың бірінің Instagram-парақшасында жарияланған. Генерал-полковник Руслан Ж

Желіде жарияланған Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың отбасымен түскен фотосуретіндегі жас әйелі қызу талқыға түсті, деп хабарлады Todayinfo.
Отбасылық суреттер Астанадағы фотостудиялардың бірінің Instagram-парақшасында жарияланған. Генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың жұбайы және 3 баласымен бірдей киім киіп фотосессия жасағанын көруге болады. Фотостудия өкілдері фотосуреттер клиенттің рұқсатымен жарияланғанын айтады. Желі қолданушыларының көбі оларға қолдап пікір қалдырған.
Көпшілік 58 жастағы министрдің әйелінің өзінен әлдеқайда жас екеніне назар аударған. Дереккөз Жақсылықовтың әйелі Ұлттық ұланда биші екені, есімі Эльмира екені айтты. Әлеуметтік желіде парақшасы бар, бірақ достық ұсынысты қабылдай бермейді екен.
Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі министрдің отбасылық фотосессиясына қатысты ресми сауалға жауап бермеді. Бірі екіншісіне сілтеп, үнсіз қалды.
Айта кетейік, Руслан Жақсылықов Қаңтар оқиғасынан кейін 2022 жылғы 19 қаңтардан бастап Қорғаныс министрі болып тағайындалған болатын.
2022 жылғы мамырда журналистің неге қазақша жауап бермейсіз деген сауалына министр “Ұнамаса - көшіп кет”, “Қиын болса - өле сал” деп жауап бергені халыққа ұнамай қалды.
Сол айда оған генерал-полковник атағы берілді.
Дереккөз: Ulysmedia.kz.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·