Танымал коуч, блогер Нұрлан Жанайдың отбасына қатысты күтпеген жаңалық шықты. Жұртқа баюды, көшбасшылықты, адал ақша табуды насихаттап жүрген ол көптен бері жарына опасыздық жасап келген, деп хабарлайды Todayinfo .
Бұл туралы Нұрлан Жанайдың әйелі (желіде Нұрлы Оқас деп тіркелген) хабардар етіп, желіде арнайы мәлімдеме жасаған. Айтуынша, ол күйеуін бұрынғы көмекшісімен ұстап алған.
Фото: TikTok/@nurlan.janai«Үш күн бұрын мен күйеуімді опасыздықта ұстап алдым. Мен иллюзияда өмір сүргенімді ұқтым.
Ол менің күйеуім емес екен. (Нұрлан Жанай) Күйеу деген – отбасына қорған. Ал ол мені – қор еткен.
Мен үш күн бұрын оның өзінің бұрынғы ассистентіммен көзіме шөп салып жүргенін білдім. Қасымда жүрген, балаларыммен ойнап, дастарханымнан дәм татқан қызбен. Осы соққыдан есімді жия алмай жүргенімде, TikTok-та басқа қыздар шыға бастады “Бұл кісі сіздің күйеуіңіз емес пе?” – деп. Және... мен тағы өлдім сол сәтте.
Ол – бәрімен болған екен. Гостиница, ұшақ, ақша, бәрін төлеген қыздарға. Тіпті қарызға кірсе де, солар үшін кірген. Ал мен ше?
Мен — оның екі баласының анасы. Ол мені қарызға батырып, Соңында бәрінен блоктап, үнсіз кетіп қалды.
Жоқ, бұл жай ғана “жігіттің қателігі” емес. Бұл – ЖҮЙЕЛІ, ЖОСПАРЛЫ ОПАСЫЗДЫҚ.
Бұл – балаларының анасын, үйін, адал әйелін арзан құмарлыққа айырбастаған адамның әрекеті.
Ол мені сатты. Өмірімді. Екі баламды. Маған қалдырғаны — қарыз, көз жас, үнсіздік. Ол кеткен жоқ. Қашып кетті.
Ал мен осы жазбамен үндемеген барлық әйелдердің атынан айтып тұрмын: Мен ешкімнен ұялмаймын. Ұялатын адам – мен емес. Сатқындық жасаған адам — мен емес. Жауапкершіліктен қашқан — мен емес.
Мен енді үнсіз емеспін. Жылап отырған, алданған, алданып жүріп те сеніп келген әйелдерге айтқым келеді: Сен жалғыз емессің. Сен кінәлі емессің. Екі балам үшін ғана өмір сүруге тырысамын», - деп жазған ол өзінің instagramпарақшасында.




