Қонаев қаласына жаңа әкім тағайындалды
Қонаев қаласына жаңа әкім тағайындалды. Қаланың әкімін Марат Сұлтанғазиев ұжымға таныстырды, деп хаабрлайды Todayinfo агенттігі. Асхат Бердіханов 1975 жылы туған. Білімі-жоғары. 1995 жылы Павлодар машина жасау колледжін "өнеркәсіп кәсіпорындарының электр жабдықтары" мамандығы бой

Қонаев қаласына жаңа әкім тағайындалды. Қаланың әкімін Марат Сұлтанғазиев ұжымға таныстырды, деп хаабрлайды Todayinfo агенттігі.
Асхат Бердіханов 1975 жылы туған. Білімі-жоғары. 1995 жылы Павлодар машина жасау колледжін "өнеркәсіп кәсіпорындарының электр жабдықтары" мамандығы бойынша бітірді, 2005 жылы Торғайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін бітірген. 2015 жылы Еуразиялық технологиялық университетті "Электроэнергетика" мамандығы бойынша, 2017 жылы Павлодар мемлекеттік университетін аяқтаған. Энергетика және электротехника саласындағы техника ғылымдарының магистрі, 2022 жылы Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетін "Құрылыс"мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1995 жылы Павлодар трактор зауытында электромонтер болып бастаған. Әр жылдары құқық қорғау органдарында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. Балқаш ЖЭО басқарма төрағасының орынбасары, "Самұрық-Энерго" АҚ бас менеджері, "Алатау Жарық компаниясы" АҚ бас инженері, Samruk-Kazyna Construction басқармасының бастығы, Түркістан облысы энергетика және ТКШ басқармасы басшысының орынбасары, басқарма төрағасының бірінші орынбасары - Мойнақ гидроэлектростанциясының бас инженері қызметтерін атқарды.
2023 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы облысы энергетика және ТКШ басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.
Естеріңізге сала кетейік, 4 сәуірде Қонаевтың бұрынғы әкімі Нұрлан Құматаев өз еркімен отставкаға кеткен болатын.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·