Қолтырауындар мен питондардың арасы: Трамп мигранттарға арналған түрме ашты
АҚШ-тың президенті Дональд Трамп Флорида штатында «Аллигатор Алькатрас» деп аталатын түрмені ашты, деп хабарлайды Todayinfo шетелдік басылымдарға сілтеме жасай отырып. Бұл нысан Трамптың заңсыз миграцияға қарсы кампаниясы аясында салынған және мұнда шамамен 3000 адамды ұстау жосп

АҚШ-тың президенті Дональд Трамп Флорида штатында «Аллигатор Алькатрас» деп аталатын түрмені ашты, деп хабарлайды Todayinfo шетелдік басылымдарға сілтеме жасай отырып.
Бұл нысан Трамптың заңсыз миграцияға қарсы кампаниясы аясында салынған және мұнда шамамен 3000 адамды ұстау жоспарланып отыр.
Эверглейдс батпақты аймағында орналасқан орталықты аралау кезінде Трамп мұнда «әлемдегі ең қауіпті және қатыгез мигранттар» қамалатынын айтты. Оның сөзінше, маңайдағы аллигаторлар, крокодилдер мен питондар қашуға әрекеттенетіндерге тосқауыл болмақ.
Алайда орталық құрылысына бірқатар штат заң шығарушылары, жергілікті әкімшілік, экологтар мен тұрғындар қарсы шықты. Олар бұл аймақтың экожүйесіне қауіп төнуі мүмкін деп алаңдайды.
«Аллигатор Алькатрас» – заңсыз мигранттарды депортацияға дейін ұстап отыратын қатаң режимдегі жабық мекеме. Құқықтық мәртебесі бойынша бұл классикалық қылмыстық түрме емес, бірақ режимі мен жағдайы қатал, түрме тәртібімен жұмыс істейтін мекеме. Трамптың өзі де оны қылмыскерлерге арналған нысан ретінде сипаттаған.
Бұдан бөлек, тағы бір – 2000 адамға арналған осындай нысан Джексонвилл маңында салынады.
Фото: Getty Images
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
"ҚазТАГ" журналистиканың негізгі ережесін орындамады - «Фридом Финанс» қорғаушысы
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Адвокат «Фридом Финанс»: "КазТАГ" демонстрирует пренебрежение к требованиям компании
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Шымкент – Астана рейсінде 7,6 млн теңге ұрланды
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Өткір қырлы пластик жұтып қойған: Алматы дәрігерлері он айлық сәбиді өлім аузынан алып қалды
Жаннұр Еділбаева·