– Раиса Күзденбаеваның өмірден озуы – отандық медицина ғылымы, фармакология саласы, жоғары медициналық білім беру жүйесі мен жалпы денсаулық сақтау саласы үшін орны толмас ауыр қаза. Ғалымның қажырлы еңбегі, биік ғылыми беделі мен ұстаздық ұлағаты көптеген дәрігер мен фармакологтарға үлгі болды. Оның ғылыми мұрасы мен шәкірттері Қазақстанның медициналық тарихында мәңгі сақталады, - делінген хабарламада.Раиса Күзденбаева қазақ медицина ғылымының көрнекті өкілдерінің бірі болды. Ол клиникалық және эксперименттік фармакологияның дамуына, білікті мамандарды даярлауға, ғылыми мектеп қалыптастыруға және елдің зияткерлік әлеуетін нығайтуға өлшеусіз үлес қосты. Сонымен қатар отандық фармацияны дамытуға айрықша еңбек сіңіріп, жаңа дәрілік препараттарды тәжірибеге енгізді, Қазақстанның табиғи шикізаты негізінде бірегей дәрілік заттарды әзірледі және фармакологиялық сараптама жүйесін жетілдірді.
Қазақстанның алғашқы әйел-фармакологы Раиса Күзденбаева өмірден өтті
Қазақстанның көрнекті ғалымы, ҚР ҰҒА академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, еліміздің алғашқы әйел-фармакологы Раиса Күзденбаева 83 жасында дүниеден озды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. С. Ж. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінің

Қазақстанның көрнекті ғалымы, ҚР ҰҒА академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, еліміздің алғашқы әйел-фармакологы Раиса Күзденбаева 83 жасында дүниеден озды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
С. Ж. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінің ұжымы марқұмның дүниеден өтуіне байланысты қайғысына ортақтасып, туған-туыстарына, әріптестеріне және шәкірттеріне көңіл айтты.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·