Қазақстандық теннисші Анталияда қатарынан екінші турнирде жеңіске жетті
Фото:ktf.kz Қазақстандық теннисші Сандуғаш Кенжебаева чехиялық Элиска Тишаковамен бірге ITF санатындағы W15 турнирінің жұптық сынында жеңіске жетті, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. 19 жастағы Сандуғаш Кенжебаева мен 18 жастағы Элиска Тишакова финалдық матчта Софи Сто

Фото:ktf.kz
Қазақстандық теннисші Сандуғаш Кенжебаева чехиялық Элиска Тишаковамен бірге ITF санатындағы W15 турнирінің жұптық сынында жеңіске жетті, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
19 жастағы Сандуғаш Кенжебаева мен 18 жастағы Элиска Тишакова финалдық матчта Софи Стойерді (Германия)/Амели Ван Импені (Бельгия) 1:6, 6:1, 10:8 есебімен ұтты.
Бұл – Сандуғаштың ITF аясындағы жұптық сынындағы төртінші титулы. Алдыңғы аптада қазақстандық теннисші түркиялық Илай Йорукпен бірге жұптық сында жеңіске жетті.
Кенжебаева өткен жылдан бері Ақтөбе теннис мектебінің түлегі, қазақстандық жас жаттықтырушы Артур Хайрутдиновтың жетекшілігімен жаттығады.
Ұқсас материалдар

Спорт
36,4 млн теңге табыс: Бибісара Асаубаева Норвегиядағы додада топ жарды
Айғаным Нариманова·

Спорт
Қордайда жантүршігерлік жол апатынан 1 адам көз жұмды
Айғаным Нариманова·

Спорт
Александр Винокуров Рим Папасына Қазақстан велоспорт құрамасының жейдесін сыйға тартты
Айғаным Нариманова·

Спорт
«Текстің мәтіні бірдей»: журналист Спорт министрлігін Олимпиада чемпионына қарсы блогерлерді жалдағанын айтып, сынады
Айғаным Нариманова·