Қазақстандық танымал боксшының інісі Грузияда қайтыс болды
27 жастағы Шыңғыс Мусадилов Тбилисиде қайғылы жағдайда көз жұмды. Бірнеше күнге созылған іздестіру жұмыстарынан кейін оның денесі табылды. Қайтыс болғаны туралы ақпаратты Қазақстанның Грузиядағы елшілігі растады, деп хабарлайды todayinfo.kz Белгілі болғандай, Шыңғыс Мусадилов 4 т

27 жастағы Шыңғыс Мусадилов Тбилисиде қайғылы жағдайда көз жұмды. Бірнеше күнге созылған іздестіру жұмыстарынан кейін оның денесі табылды. Қайтыс болғаны туралы ақпаратты Қазақстанның Грузиядағы елшілігі растады, деп хабарлайды todayinfo.kz
Белгілі болғандай, Шыңғыс Мусадилов 4 тамызға қараған түні жоғалып кеткен. Оны соңғы рет Тбилисидің орталығындағы түнгі клуб маңында көрген. Осыдан кейін ол байланысқа шықпаған. Жас жігіттің туыстары алаңдап, бірден полицияға хабар берген.
Іздестіру бірнеше күнге созылып, өкінішке қарай, қайғылы хабармен аяқталды.
Қазіргі уақытта оның өлімінің нақты себебі мен мән-жайы жарияланған жоқ.
Шыңғыс Мусадилов — «Панда» деген лақап атпен танымал қазақстандық боксшы Серік Мусаділовтің туған інісі екені хабарланды.
ФОТО: Tengri Live
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·