Қазақстандық арнайы жасақ UAE SWAT Challenge – 2026 турнирінде топ жарды
2026 ж. 12 ақпанда Астана қ. халықаралық әуежайында Дубай қаласында (БАӘ) өткен UAE SWAT Challenge-2026 сайысының жеңімпаздары мен қатысушыларын салтанатты түрде қарсы алу шарасы болды. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды. ҚР Мемлекеттік күзет қызметі, ҚР Ұлттық

2026 ж. 12 ақпанда Астана қ. халықаралық әуежайында Дубай қаласында (БАӘ) өткен UAE SWAT Challenge-2026 сайысының жеңімпаздары мен қатысушыларын салтанатты түрде қарсы алу шарасы болды. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды.
ҚР Мемлекеттік күзет қызметі, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҚР Ішкі істер министрлігі арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің үздік жауынгерлері біріккен бес құрама команда 7-11 ақпанда БАӘ-де жетінші рет өткізілген “Арнайы жасақ олимпиадасы” саналатын халықаралық айтулы турнирден жеңіспен оралды.
UAE SWAT Challenge-2026 жалпы қорытындысы бойынша “Kazakhstan C” құрамасы алтын жүлдеге ие болды. Жеңіс қуанышын “Kazakhstan А” командасы еселеді, ол айтулы әлемдік турнирдің екінші орнын жеңіп алды. Тағы үш құрама 48 елден келген 109 команда ішіндегі 20 үздік қатарына кірді.
Қазақстан арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің командалары әлем алдында теңдессіз дене дайындығын, мүлтіксіз командалық ынтымақ үлгісін көрсетіп, жеңіс жолында жанын аяған жоқ. Олардың бірі, “Tomiris” қыздар құрамасы әлем жанкүйерлерінің ерекше назарына ие болды. Турнирдің әрбір кезеңінде ол әйелдер командаларының үздігі болды әрі жалпы есепте ондаған ерлер құрамаларын артта қалдырды. UAE SWAT Challenge сайыскерлері тактикалық операциялар, ғимарат пен мұнараны басып алу, кепілге алынғандарды және офицерлерді құтқару, сондай-ақ кешенді кедергілер жолағынан өту секілді бес арнаулы тапсырманы орындады.
Өткен жылдарда да осы сайыста Қазақстан арнайы мақсаттағы бөлімшелер командалары жүлделі орындармен оралған болатын.
Отандық командаларға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтау жолдады. Президент жауынгерлердің үздік даярлығын, жеңіске деген ынта-жігерін және биік патриоттық рухын атап өтті. *
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·