Қазақстандағы банктерде проблемалық несиелер айтарлықтай көбейді – жаңа дерек
Қарашада банк секторында проблемалық несиелердің үлесі 3,74%-ға дейін өсті.

Ұлттық банк мәліметіне сай, қараша айында 90 күннен астам төленбей жатқан несие сомасы 93,8 млрд теңгеге көбейген. Осылайша банктердің жалпы несие қорындағы проблемалық қарыздардың үлесі 3,74%-ға жетіп отыр (қазан айының басында бұл көрсеткіш 3,54% болған).
Бұл жағдай әсіресе ірі қаржы ұйымдарында байқалып, банктердің қаржылық тұрақтылығына әсер етуі мүмкін.
Бұл туралы Todayinfo.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Есепке сай, ең көп өсім Halyk Bank-та тіркеліп отыр — проблемалық қарыз көлемі 72 млрд теңгеге артып, 438 млрд теңгеге жеткен. Бұл банк портфелінің 3,39%-ын құрайды. Ал қазан айында бұл көрсеткіш 2,82% болған.
Bereke Bank-та да өсім айтарлықтай — 7,7 млрд теңге қосылып, жалпы көлемі 107,8 млрд теңгеге жетті (7%). Еуразиялық банкте – 5,8 млрд теңге өсіп, проблемалы несие көлемі 139,3 млрд теңгеге дейін жеткен (8,31%).
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·