Қазақстанда өзгенің брендімен табыс тапқандарға түрме жазасы қарастырылмақ
Фото: pixabay Қазақстан Әділет министрлігі зияткерлік меншік саласындағы жауапкершілікті күшейтуге кірісті. Енді танымал бренд атауын немесе тауар белгісін рұқсатсыз пайдалану жай ғана әкімшілік құқық бұзушылық емес, қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін, деп хабарлайды Todayin

Фото: pixabay
Қазақстан Әділет министрлігі зияткерлік меншік саласындағы жауапкершілікті күшейтуге кірісті. Енді танымал бренд атауын немесе тауар белгісін рұқсатсыз пайдалану жай ғана әкімшілік құқық бұзушылық емес, қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Министрлік ұсынған түзетулерге сәйкес:
Тауар белгісін заңсыз қолданғандарға салынатын айыппұл көлемі 314 мыңнан 786 мың теңгеге дейін ұлғаяды;
Құқық бұзушыға үш жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы тағайындалуы ықтимал;
Брендтік даулар бойынша сараптама мерзімі 10 жұмыс күніне дейін қысқарады, бұл кәсіпкерлердің уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.
Әділет министрлігінің мәліметінше, бұл шаралар елде бренд ұрлығына тосқауыл қоюға және әділ бәсекені қорғауға бағытталған. Ведомство өкілдері атап өткендей, егер заң бұзушылық жүйелі сипат алып, бизнеске ірі залал келтірсе, жаза барынша қатаң болады.
Сарапшылар бұл бастаманы нарықты “жалған брендтерден” тазартуға және кәсіпкерлердің зияткерлік меншікке деген жауапкершілігін арттыруға жасалған маңызды қадам деп бағалап отыр.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
"ҚазТАГ" журналистиканың негізгі ережесін орындамады - «Фридом Финанс» қорғаушысы
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Адвокат «Фридом Финанс»: "КазТАГ" демонстрирует пренебрежение к требованиям компании
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Шымкент – Астана рейсінде 7,6 млн теңге ұрланды
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Өткір қырлы пластик жұтып қойған: Алматы дәрігерлері он айлық сәбиді өлім аузынан алып қалды
Жаннұр Еділбаева·