Қазақстанда балаларға әлеуметтік желіге тіркелуге тыйым салынуы мүмкін
Фото: instagram.com/aimagambetov Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Қазақстанда балалардың әлеуметтік желілерге тіркелу жасын шектеуді ұсынды. Оның айтуынша, бүгінде TikTok пен Instagram-да балалар 5–6 жасынан-ақ ата-ананың рұқсатынсыз аккаунт аша алады, деп хабарлайды Todayinfo

Фото: instagram.com/aimagambetov
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Қазақстанда балалардың әлеуметтік желілерге тіркелу жасын шектеуді ұсынды. Оның айтуынша, бүгінде TikTok пен Instagram-да балалар 5–6 жасынан-ақ ата-ананың рұқсатынсыз аккаунт аша алады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Аймағамбетов шетел тәжірибесін мысалға келтіріп, Дания мен Аустралияда тіркелуге 15–16 жастан бастап рұқсат етілетінін, ал АҚШ пен Англияда ата-ананың келісімі мен верификация қажет екенін айтты.
Сондай-ақ ол мектептерде смартфон қолдануға тыйым салуды да қолдады, мұндай шектеудің оқу үлгеріміне оң әсер ететінін атап өтті.
Ал вице-министр Дмитрий Мун әзірге мұндай шектеулер Цифрлық кодекске енгізілмейтінін, басты мақсат – балалардың интернетті қауіпсіз пайдалануына жағдай жасау екенін жеткізді.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
«Суға батып кеткен»: Италияда қазақстандық студент мерт болды
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Суд сделал жесткое предупреждение: Касенову и Каппаровой пригрозили арестом за срыв заседания
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Сот ескерту жасады: Касенов пен Каппарова сот процесін бұзған жағдайда қамауға алынуы мүмкін
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Ғылым ордасында түркі және ислам қолжазбаларын зерттеу мәселелері талқыланды
Жаннұр Еділбаева·