Министрліктің жоспары бойынша, көмек алатын еңбекке жарамды азаматтар міндетті түрде жұмыспен қамтылады. Бұл үшін әлеуметтік келісімшарт тәжірибесі кеңінен қолданылмақ. Яғни, мемлекет жәрдемақы беріп қана қоймай, жұмыс табуға да көмектеседі.Сонымен қатар, халықты жұмыспен қамтуда уақытша шаралардан гөрі тұрақты және сапалы жұмыс орындарын ашуға басымдық беріледі. Әсіресе, NEET санатындағы, яғни оқымайтын және жұмыс істемейтін жастарды еңбек нарығына тартуға ерекше назар аударылады. Кездесуде зейнетақы жүйесінің тұрақтылығы, мүгедектігі бар тұлғаларды әлеуметтік қорғау және көші-қон саясаты да талқыланды. Президент мүгедектігі бар жандарға арналған оңалту қызметтері мен техникалық құралдардың қолжетімділігін арттыруды тапсырды. Мемлекет басшысы сөз соңында азаматтардың табысын арттыру, әлеуметтік қолдаудың нақты мұқтаж жандарға жетуін қадағалау, теңгерімді көші-қон саясатын жүргізу және еңбекті қорғау жүйесін цифрландыру бойынша бірқатар нақты тапсырма жүктеді. Фото: Әлеуметтік желіден
Қазақстанда әлеуметтік көмек алу ережесі өзгереді: енді жұмыс істеу міндеттеледі
Қазақстанда әлеуметтік көмек алу тәртібі өзгереді. Енді еңбекке жарамды азаматтар жәрдемақы алу үшін міндетті түрде жұмыс істеуі керек.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевты қабылдап, халықты әлеуметтік қолдау шараларын қайта қарауды тапсырды. Енді еңбекке жарамды азаматтар жәрдемақы алу үшін міндетті түрде жұмыс істеуі тиіс болады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Кездесуде министр Асқарбек Ертаев атаулы әлеуметтік көмек жүйесін жетілдіру жоспарын таныстырды. Оның негізгі мақсаты – мемлекеттік қолдауды шын мәнінде мұқтаж жандарға бағыттап, жұмысқа қабілетті азаматтарды масылдықтан арылту.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·