Қазақстанда 5,4 магнитудалық жер сілкінісі тіркелді: Жаркент пен Текелі тұрғындары жер сілкінісін сезді
31 наурыз күні Қазақстан аумағында магнитудасы 5,4 болатын жер сілкінісі тіркелді. Эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 273 шақырым жерде орналасқан, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық станциялар желісінің мәл

31 наурыз күні Қазақстан аумағында магнитудасы 5,4 болатын жер сілкінісі тіркелді. Эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 273 шақырым жерде орналасқан, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық станциялар желісінің мәліметінше, жер сілкінісі сағат 11:11-де тіркелген. Жер асты дүмпуінің ошағы 10 шақырым тереңдікте болған.
Алдын ала есеп бойынша, Жетісу облысында сілкініс күші 2 балға дейін жеткен. Тербелістер Жаркент, Текелі қалаларында және Жансүгіров ауылында сезілген.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат тіркелмеген. Сондай-ақ, 112 нөміріне тұрғындардан ешқандай шақырту түспеген.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·