Бүгін, 26 маусым күні Қазақстанда жаздың аптап ыстығы сақталады. Елдің оңтүстігінде ауа температурасы +35...+41 градусқа дейін көтеріледі. Өңірлердің басым бөлігінде күндізгі температура +25 градустан жоғары болады, деп хабарлайды «Қазгидрометке» сілтеме жасаған Todayinfo.kz.
Астанада құбылмалы бұлтты. Түнде аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +30...+32 градус.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +20...+22, күндіз +31...+33 градус.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +16...+18, күндіз +36...+38 градус.
Ақтөбеде бұлтты. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз кей уақытта нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түседі, дауыл тұрып, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +13...+15, күндіз +24...+26 градус.
Ақтауда құбылмалы бұлтты. Таңертең және күндіз кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +20...+22, күндіз +25...+27 градус.
Атырауда құбылмалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +20...+22, күндіз +27...+29 градус.
Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +32...+34 градус.
Қарағандыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +16...+18, күндіз +27...+29 градус.
Көкшетауда құбылмалы бұлтты. Күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +27...+29 градус.
Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +19...+21, күндіз +33...+35 градус.
Қостанайда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +13...+15, күндіз +28...+30 градус.
Қызылордада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +23...+25, күндіз +36...+38 градус.
Павлодарда құбылмалы бұлтты. Таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +32...+34 градус.
Петропавлда құбылмалы бұлтты. Түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +25...+27 градус.
Семейде құбылмалы бұлтты. Жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз бұршақ түсіп, дауыл тұрып, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +16...+18, күндіз +28...+30 градус.
Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +34...+36 градус.
Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +20...+22, күндіз +35...+37 градус.
Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +22...+24, күндіз +39...+41 градус.
Оралда құбылмалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұрады, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +25...+27 градус.
Өскеменде құбылмалы бұлтты. Жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз бұршақ түсіп, дауыл тұрады. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +13...+15, күндіз +26...+28 градус.




