Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларБарлық жазбаларды қарау

Түсім 20 млрд теңге: Жұмабек Жанықұловтың экс-әйелі күйеуінің табысын тексеруді талап етті (ВИДЕО)

Жанна Маратқызы бұрынғы жұбайының әкімшілік және материалдық ықпалы өте зор екенін жақсы біледі.

Авторы Айдар Керім··1 мин оқу
Түсім 20 млрд теңге: Жұмабек Жанықұловтың экс-әйелі күйеуінің табысын тексеруді талап етті (ВИДЕО)
📷 коллаж: todayinfo.kz

Кәсіпкер Жұмабек Жанықұлдың бұрынғы әйелі үндеу жасады, экс-күйеуімен соттасып жатқанын жариялады. Оның сөзінше, экс-күйеуінің табысына қатысты тексеріс қажет.

  

Жанықұлова Жанна Маратқызының айтуынша, ажырасуына күйеуінің басқа қыз-келіншектермен жиі ойнас жасауы себепкер болған.

"Маусым айының 24  жұлдызында кезекті сот отырысы өтті. Алайда судья шағымданушы тараптың бірде-бір өтінішін қанағаттандырмады. Соның ішінде жауапкердің кірісіне қатысты өте маңызды құжаттар бар еді. Салық басқармасынан алынған ресми жауапқа сәйкес "Қаражал Оперейтинг" деп аталатын тек бір ғана компанияның соңғы үш жылдағы табысы жиырма миллиард теңгеден асқан. Жұмабек Жаңақұловқа дәл осындай он сегіз кәсіпорын тиесілі.

Судья бұл қыруар қаржы туралы деректерге мүлдем назар аудармады. Осы әрекеттен кейін адвокат істі қарап отырған судьяға тікелей қарсылық білдірді", - дейді Жанна Жанықұл. 

Жанна Маратқызы бұрынғы жұбайының әкімшілік және материалдық ықпалы өте зор екенін жақсы біледі. Ол байлығын сақтап қалу үшін кез келген қадамға баруы мүмкін деп қауіптенеді. Сондықтан әділдік іздеген ана бұл істің қатаң бақылауда болып соттың объективті өтуін талап етеді.

Ұқсас материалдар