Қазақстан командасы велоспорттан Азия чемпионатында 6 алтын медаль алды
Алматыда тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасы жалпы есепте көш бастады. Ұлттық құрама 6 алтын, 3 күміс және 6 қола медальді иеленді. Екінші орынды 2 алтын, 1 күміс иеленген Тайпей командасы алды. Үшінші орынға 2 алтын жүлдесі бар Оңтүстік Кор

Алматыда тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионаты аяқталды.
Қазақстан құрамасы жалпы есепте көш бастады. Ұлттық құрама 6 алтын, 3 күміс және 6 қола медальді иеленді. Екінші орынды 2 алтын, 1 күміс иеленген Тайпей командасы алды. Үшінші орынға 2 алтын жүлдесі бар Оңтүстік Корея ие болды.
Сонымен бірге Азия чемпионатында Өзбекстан, Индонезия, Қытай, БАӘ командалары бір-бір алтын жүлдеден жеңіп алды.
Қазақстан құрамасы ересектер арасындағы аралас командалық эстафетада (Федоров Евгений, Груздев Дмитрий, Чжан Игорь, Рината Сұлтанова, Махаббат Үмітжанова, Фаина Потапова), жасөспірімдер арасындағы аралас командалық эстафетада (Батырхан Алик, Мансур Бейсембай, Михаил Подлужный, Ангелина Буренкова, Евгения Заам и Екатерина Удовыкина), ерлер арасындағы жекелей сында (Евгений Федоров), жасөспірім қыздар арасындағы жекелей жарыста (Мария Елькина), андерлер арасындағы жекелей бәсеке (Николя Винокуров) мен андер қыздар арасындағы жекелей жарыста (Ақпейіл Өсім) алтын медаль иеленді.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·