Қазақстан мен ЕҚЫҰ ынтымақтастығы жаңа деңгейге көтеріледі
Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының төрағасы Пере Жоан Понспен кездесті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Кездесу барысында Қазақстан Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен, сондай-ақ оның Парламенттік ассамблеясымен серіктестікті нығайтуға мүд

Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының төрағасы Пере Жоан Понспен кездесті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында Қазақстан Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен, сондай-ақ оның Парламенттік ассамблеясымен серіктестікті нығайтуға мүдделі екені атап өтілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың экологиялық күн тәртібі мен тұрақты даму бағытындағы күш-жігеріне дәйекті түрде қолдау көрсеткені үшін ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясына жоғары баға берді.
Сонымен қатар Президент мемлекеттер арасындағы диалог, сенім мен түсіністікті күшейтуге септігін тигізетін құрал ретінде парламенттік дипломатияға айрықша мән беретінін жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Пере Жоан Понске елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды саяси реформа жөнінде баяндады.
Оның айтуынша, жаңа Конституция мемлекет институттарының орнықтылығын қамтамасыз етуге, басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға және адам құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған.
Пере Жоан Понс Өңірлік экологиялық саммитте қозғалған мәселелердің өзектілігіне тоқталды.
Ол өңірлік күн тәртібін ілгерілету мен ортақ бастамаларды жүзеге асыру жолында Орталық Азия елдерінің жұмыла білетініне көз жеткізгенін айтты.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қазақстанның ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясымен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін растап, нәтижелі ықпалдастық жалғасын табатынына сенім білдірді.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·