Қазақстандық ShalkiyaZinc компаниясы ауған-германдық Bakhtar Company компаниясымен мырыш кенін жеткізуге арналған ұзақ мерзімді келісімге қол қойды. Келісім аясында Ауғанстаннан жыл сайын 30 мың тонна мырыш кені жеткізіліп отырады.
Келісімнің жалпы құны 18,88 млн АҚШ долларын құрайды. Әкелінетін шикізат «Қазцинк» кәсіпорындарында өңделмек.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, 2025 жылдың қорытындысында Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы өзара сауда көлемі 541,8 млн АҚШ долларына жеткен. Екі ел алдағы кезеңде тауар айналымын 3 млрд АҚШ долларына дейін арттыруды көздеп отыр.




