Алматы облысының Кеген ауданында бұрынғы мемлекеттік қызметкерге қатысты алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.
Тергеу нұсқасына сәйкес, күдікті Кеген ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінде бас маман болып жұмыс істеген. Ол өзінің бұрынғы қызметтік байланыстары мен лауазымдық беделіне сүйеніп, кәсіпкерлерге мемлекеттен жер телімін рәсімдеуге көмектесетінін айтып, олардың сеніміне кірген.
Алдын ала мәлімет бойынша, осы тәсілмен ол кәсіпкерлерден 20 миллион теңгеден астам қаражат алған.
Аталған дерек бойынша 2026 жылғы 19 мамырда алаяқтық фактісімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта қылмыстық істі Кеген аудандық полиция бөлімі тергеп жатыр.
Құқық қорғау органдары тергеу амалдары жалғасып жатқанын хабарлады.




