Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса мұндай даулардың шешімі «Мемлекеттік тіл туралы» заң қабылдау деп есептейтінін айтты. Одан бөлек, ForteBank әрекетін сынға алып, хабарландыру мәтініндегі талап банк жүйесінің қалай жұмыс істейтінін және оның жасанды интеллектке тікелей әсер еткенін атап өтті. Депутат Аманжол Әлтай Қазақстанның қанатының астында жұмыс істеп жатқан барлық мекемеде қазақ тілін білу міндетті болуы керектігін айтты. Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов жұмысқа алғанда ешкімді тіліне, дініне, әлеуметтік статусына, ұлтына қарап алалауға болмайтынын айтып, қоғам тарапынан мемлекеттік тілге қатысты айтылған сынды орынды деп есептейтінін жеткізді."Тіл мәселесі, оның ішінде қазақ тілі елімізде өте маңызды екенін білеміз және түсінеміз. Болған жағдай үшін жын жүректен кешірім сұраймыз. Мамандарымыз шұғыл түрде тексеріс жүргізіп, қателік роботтан кеткенін анықтады", - деп түсіндірді банк баспасөз қызметі.
«Қазақ еліне, тәуелсіздігімізге қарсы айтылған сөз»: депутаттар ForteBank жайлы жағымсыз пікір жариялады
Жақында ғана дауға қалған ForteBank тағыда сынға ілікті. Хабарландыру мәтінінде «қазақ тілін білу міндетті емес» деген талап бар. Осыдан кейін әлеуметтік желіде банк қызметінен бас тартуды ұсынып жатқандар көбейді. Дауға ұласқан хабарламадан кейін ForteBank мән-жайды түсінд

Жақында ғана дауға қалған ForteBank тағыда сынға ілікті. Хабарландыру мәтінінде «қазақ тілін білу міндетті емес» деген талап бар. Осыдан кейін әлеуметтік желіде банк қызметінен бас тартуды ұсынып жатқандар көбейді.
Дауға ұласқан хабарламадан кейін ForteBank мән-жайды түсіндіріп, әрекеті үшін кешірім сұрады. Қаржылық ұйымның айтуынша, хабарландыруды жасанды интеллект әзірлеген. Алайда банктің жауапты қызметкері оны тексермеген. Бірақ, банктің бұл жауабына оқырмандар қанағаттанбады. Ел банк қызметінен жаппай бас тартуға шақырды.
Ұқсас материалдар

Саясат
Қызылордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа заң нормалары түсіндірілді
Todayinfo редакциясы·

Саясат
Тоқаев Дания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
Айғаным Нариманова·

Саясат
Алматыда мемлекеттік қызмет жаңғырады: Дархан Жазықбай реформаларды таныстырды
Todayinfo редакциясы·

Саясат
Құрылтай, Вице-Президент және Халық Кеңесі: жаңа заңдар күшіне енеді
Айғаным Нариманова·