Қазалы аудандық сотының төрағасы сыбайлас жемқорлық күдігіне ілінді
Қызылорда облысында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жергілікті департаменті Қазалы аудандық сотының төрағасы Дәурен Әбдіқалықовты ұстады. Бұл туралы журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында хабарлады. Дереккөз мәліметінше, судья сыбайлас жемқорлық

Қызылорда облысында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жергілікті департаменті Қазалы аудандық сотының төрағасы Дәурен Әбдіқалықовты ұстады.
Бұл туралы журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында хабарлады.
Дереккөз мәліметінше, судья сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінген. Қазіргі уақытта оған нақты қандай бап бойынша айып тағылатыны — пара алу немесе алаяқтық — тергеу барысында анықталатын болады.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, тергеуге 2024 жылы алаяқтық қылмысы үшін сотталған азаматтың арызы негіз болған. Оның туыстары үкімді жеңілдету мақсатында судьяға 6 миллион теңге берген болуы мүмкін. Нәтижесінде сот шартты жаза тағайындаған.
Сонымен қатар, кейінірек сол азаматтан жазаны мерзімінен бұрын өтеуден босатуға ықпал ету үшін тағы 300 мың теңге берілгені туралы ақпарат бар.
Құзырлы органдар аталған дерек бойынша тергеу жүргізіп жатыр.
Фото: Freepik
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·