Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларБарлық жазбаларды қарау

«Қасқыр емес, циркте үйретілген пони»: белгілі журналист депутат Ринат Зайытты сынап тастады

БАҚ өкілдерін тауыққа теңеген депутат Ринат Зайыт сынға ұшырап жатыр. Бір кездері шенділерді шетінен сынап жүріп, аяқ астынан билікшіл болып шыға келген Ринат Зайыт аңдымай сөйлеп, ауыр сын естіп жатыр, деп хабарлайды Todayinfo . Белгілі журналист Диас Нұрақын депутатты үйретілен

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
«Қасқыр емес, циркте үйретілген пони»: белгілі журналист депутат Ринат Зайытты сынап тастады

БАҚ өкілдерін тауыққа теңеген депутат Ринат Зайыт сынға ұшырап жатыр. Бір кездері шенділерді шетінен сынап жүріп, аяқ астынан билікшіл болып шыға келген Ринат Зайыт аңдымай сөйлеп, ауыр сын естіп жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.

Белгілі журналист Диас Нұрақын депутатты үйретілен пониға теңеді.

Депутат, кез-келген марапат цирктегі аңды үйрету үшін аузына тамақ беріп тұрады ғой, сол сияқты. Кімнің тарысы піссе, соның тауығына айналады. Жалғыз журналистер емес, өнер-білім саласына да қатысты, деп ақталған еді.

«Өте дұрыс айтып отыр. Өре түрегелетін ештеңесі жоқ. 100 пайыз қолдаймын. Тек алып-қосар бір тұсы бар.

"Өзім де жабайы жануар сияқты еркін жүргем. Айтыстағы адуыныма ешкім төтеп бере алмайтын. Билікті бір кісідей сықпыртып сынадым. Бірақ 2022 жылы күтпеген жерден жақсы бір дрессировщик жолығып, мені де қолға үйретіп алды. Кеудеме "Құрмет" орденін тағып, айтыс сахнасында емес ЦИРК алаңында өнер көрсете бастадым. Ал, 2023 жылы таңғы асқа тарысы үнемі пісіп тұратын Аманаттың дастарханынан дәм таттым. Әлі де үш мезгіл тамағым солардың мойнында. Тіпті тары қосылған сүтті шай ішіп, қазір шалқып жүрмін.  Қысқасы айтқанға көніп, айдауға жүрмейтін қасқыр едім, қазір пони жылқылары сияқты саябақ, ЦИРК-тің бәрінде өнер көрсетемін" десе әділетті болар еді Ринат батыр. А так өзінің басындағы боқты көрмей, біреудің басындағы шоқты үрлеген дұрыс емес қой», - деп жазды журналист.

Ұқсас материалдар

«Қасқыр емес, циркте үйретілген пони»: белгілі журналист депутат Ринат Зайытты сынап тастады · Todayinfo