«Qarmet» АҚ Ұлытау облысына 700 миллион теңге бөледі
Фото: Qarmet Аталған қолдау - облыс әкімдігі мен компания арасындағы меморандум аясында жасалмақ. Маңызды құжат өңірдегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған. Осылайша, Қаражал қаласында кәсіпорынның қолдауымен жаңа әлеуметтік бастамалар жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды

Фото: Qarmet
Аталған қолдау - облыс әкімдігі мен компания арасындағы меморандум аясында жасалмақ. Маңызды құжат өңірдегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған. Осылайша, Қаражал қаласында кәсіпорынның қолдауымен жаңа әлеуметтік бастамалар жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
«Qarmet» компаниясы облыс аумағында темір және марганец кенін өндіретін «Өркен» ЖШС арқылы жұмыс істейді. Тараптар қол қойған өзара әріптестік ынтымақтастық аясында компания 2026–2028 жылдары қаладағы бірқатар әлеуметтік нысанды жаңғырту мен инфрақұрылымды дамытуға қаржы бағыттайды.
Жоспар бойынша «Балбөбек» балабақшасын күрделі жөндеу, коммуналдық қызметтерге арнайы техника сатып алу және медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсарту көзделген.
Компания сонымен қатар өңір жастарын спортқа тартуға бағытталған жобалар мен спорттық бастамаларды қаржыландыруға ниетті.
Ұқсас материалдар

Ұлытау облысы
Область Ұлытау первой в республике открыла цифровое пространство «Smart Point»
Жаннұр Еділбаева·

Ұлытау облысы
Ұлытау облысы республикада алғаш болып «Smart Point» цифрлық кеңістігін ашты
Жаннұр Еділбаева·

Ұлытау облысы
Ұлытау облысында «Арқа аруы – 2026» республикалық байқауы өтті
Todayinfo редакциясы·

Ұлытау облысы
Ұлытауда 4500 адам қатысқан экологиялық сенбілік өтті
Жаннұр Еділбаева·