Қарашадағы КТК-ға шабуыл салдарынан Қазақстанда мұнай өндіру 6%-ға азайды
Қазақстанда мұнай өндіру көлемі желтоқсанда КТК шабуылынан кейін 6%-ға төмендеді.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, желтоқсанда Қазақстан мұнай өндірісі алдыңғы аймен салыстырғанда 6 пайызға қысқарды. Бұл – 29 қараша күні Украина дрондарының Каспий құбыр желісінің (КТК) Новороссийскідегі терминалына жасаған шабуылының салдары.
Бұл туралы Todayinfo.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Reuters агенттігінің жазуынша, 1–28 желтоқсан аралығында Қазақстанда мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі тәулігіне 1,93 миллион баррельге дейін қысқарған.
Әсіресе Теңіз кен орнындағы өндіріс көлемі 10 пайызға төмендеп, тәулігіне 719,8 мың баррельге түскен. Бұл кен орнынан алынған мұнай негізінен КТК құбыры арқылы экспортталады.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·