Қарағандыда 4 жыл кен тонағандар ұсталды, шығын 2 миллиард теңге
Қарағанды облысында прокуратура ірі қылмыстық топты әшкереледі. Олар төрт жыл бойы темір кенін заңсыз өндіріп, шетелге сатып келген.

Қарағанды облысында төрт жыл бойы лицензиясыз темір кенін өндіріп, оны шетелге сатып келген кәсіпорынның заңсыз әрекеті әшкереленді. Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 2 миллиард теңгеден асады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Облыстық прокуратураның мәліметінше, аталған компания ешқандай рұқсат құжатынсыз кен өндірумен айналысып, шикізатты шетел асырған. Осы ауқымды схеманың нәтижесінде мемлекет қазынасына орасан зор залал келтірілген.
Осы іс бойынша үш күдікті қамауға алынды. Сонымен қатар олардың жалпы құны 500 миллион теңгеден асатын мүлкіне тыйым салынды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жолданды.
Айта кетерлігі, бұл – өңірдегі жалғыз ірі қылмыс емес. Бұған дейін дәл осы аймақта теміржол вагонынан 30 тонна мысты ұрлау әрекетінің жолы кесілген болатын.
Фото: Әлеуметтік желіден
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·