Қарағанды және Павлодар облыстарындағы дала өрті 45 мың гектарға жетті
Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысындағы дала өртін сөндіру бойынша жағдайды баяндады. Министрлік мәліметінше, табиғи өртті сөндіру бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда. Өрт шыққан аймаққа жақын Айыр, Шөптікөл, Қызылшілік, Атантай, Теректі елді мекенде

Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысындағы дала өртін сөндіру бойынша жағдайды баяндады.
Министрлік мәліметінше, табиғи өртті сөндіру бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда. Өрт шыққан аймаққа жақын Айыр, Шөптікөл, Қызылшілік, Атантай, Теректі елді мекендеріне қауіп жоқ.
Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерлан Нұрпейісов қазір Қарағанды облысында жүр. Далалық өрт сөндіру штабтары жұмысын жалғастыруда. Алдын ала бойынша ақпарат ашық аумақта ауданы 35 мың гектар құрғақ шөп жанып жатыр.
Министрлік мәліметінше, қатты екпінді жел, таулы жерлер және өрт ошақтарына кіру жолдарының болмауы өртті сөндіруді қиындатуда.
Өртті сөндіруге Қарағанды облысы ТЖД және жергілікті атқарушы органдарының күштері мен құралдарынан 386 адам, 64 бірлік техника, төтенше жағдайлар министрлігі мен қорғаныс министрлігінің әуе кемелері жұмылдырылған.
Әуе кемелері өрт ошақтарына барлығы 30 рет 50-ден астам тонна көлемінде су төкті.
Қарағанды және Павлодар облыстарының шекара аумағындағы өрттің жалпы ауданы 45 мың гертарды құрады.
Еске салсақ, бұған дейін Қарағанды облысында дала өртін сөндіру кезінде 33 жастағы қызметкердің қаза тапқаны туралы жазған едік.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·