Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Қарағанды облысында балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу шаралары күшейтілді

Қарағанды облысында балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу бағытындағы жұмыстар күшейтілді. Өңір прокуратурасының бастамасымен әзірленген арнайы алгоритм облыс әкімдігінде өткен ведомствоаралық комиссия отырысында талқыланды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімінің

Авторы Айғаным Нариманова··2 мин оқу
Қарағанды облысында балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу шаралары күшейтілді
Қарағанды облысында балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу бағытындағы жұмыстар күшейтілді. Өңір прокуратурасының бастамасымен әзірленген арнайы алгоритм облыс әкімдігінде өткен ведомствоаралық комиссия отырысында талқыланды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Комиссия отырысы «Заң және тәртіп» идеологемасы аясында өтіп, білім беру ұйымдарында оқитын балалардың өмірі мен психологиялық саулығын қорғауға бағытталған нақты шаралардың тиімділігі қаралды. Әлібек Әлденейдің айтуынша, қазіргі балалар бұрынғыдан өзгеше ортада өсіп келеді. Технологияның дамуы, үздіксіз ақпарат ағымы жасөспірімдердің психикасына айтарлықтай салмақ түсіреді. Ал жеткіншектер арасындағы суицид жағдайларының көбеюі бұл мәселеге бейжай қарауға болмайтынын көрсетіп отыр. Осыған байланысты өңірде мектептер мен колледждерде оқитын балаларға қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру мақсатында кешенді шаралар қолға алынған. Атап айтқанда, тәрбиелік үдеріске ата-аналарды кеңінен тартуға басымдық берілуде. Бүгінде мектептерде отбасы құндылықтарын нығайтуға бағытталған 16 жоба жүзеге асырылып, оған 150 мыңнан астам адам қатысқан. Олардың қатарында «Отбасы сағаты», «Аналар мектебі», «Әкелер мектебі», «Әжелер мектебі», «Әжемнің ертегісі», «Бір отбасы – бір кітап» сияқты бастамалар бар. Бұл жобалар бала тәрбиесіндегі отбасы мен мектептің ортақ жауапкершілігін арттыруды көздейді. Сонымен қатар, өткен жылы облыстағы 5 мектепте пилоттық режимде AiMap жүйесі енгізілді. Жүйе мониторингі арқылы жасөспірімдердің суицидке немесе күйзеліске итермелейтін парақшалар мен арналарға қызығушылығы дер кезінде анықталып, алдын алу жұмыстары жүргізілді. Мамандардың кәсіби әлеуетін арттыруға да ерекше назар аударылды. Педагог-психологтарға арналған модульдік оқыту жүйесі енгізіліп, олар дағдарыс белгілерін ерте анықтау, нақты жағдайлармен жұмыс істеу және ата-анамен тиімді байланыс орнату бойынша қысқа әрі мақсатты курстардан өтті. Кадр тапшылығын шешу мақсатында академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетімен меморандумға қол қойылды. Құжат аясында жоғары курс студенттері мектептерге практикаға жіберіліп, кейін тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен қатар, өткен жылдан бастап облыс әкімінің педагог-психологтарды даярлауға арналған арнайы гранттары бөлінуде. Өңір басшылығының атап өтуінше, бұл шаралардың барлығы – баланың тағдырына алаңдап, оның болашағына жауапкершілікпен қараудың нәтижесі. Балаларға қауіпсіз орта қалыптастыру – ұзақ әрі жүйелі жұмысты талап етеді. Дегенмен, осындай нақты қадамдар арқылы жасөспірімдердің психологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етіп, жарқын болашағына жол ашуға болады. Бұл – тек бір мекеменің емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі.

Ұқсас материалдар

Қарағанды облысында балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу шаралары күшейтілді · Todayinfo