Қарағанды облысында ақбөкендерді жайратып салған 11 адам ұсталды
Браконьерлерден 13 ақбөкен өлексесі мен 328 мүйіз тәркіленді. Қарағанды облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыстық прокуратура мен ҰҚК департаментімен бірігіп, бір топ браконьерді қолға түсірді. Облыстық полиция департамент

Браконьерлерден 13 ақбөкен өлексесі мен 328 мүйіз тәркіленді.
Қарағанды облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыстық прокуратура мен ҰҚК департаментімен бірігіп, бір топ браконьерді қолға түсірді.
Облыстық полиция департаментінің бастығы Негмет Исмагуловтың айтуынша, қылмыстық топ Шет ауданының тұрғындарынан жасақталып, ақбөкендерді атумен айналысқан. Жедел-тергеу кезінде браконьерлер 22 рет тінту жүргізіліп, полицияға 11 адам жеткізілді.
Олардан 328 мүйіз, 13 ақбөкен өлексесі мен 20 келіден астам бұзылған ет тәркіленді. Осыған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір күдіктілер тергеліп жатыр.
Бұған дейін белгілі болғандай, Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев 1 қыркүйектен бастап елімізде киіктерге әуесқойлық аң аулауға рұқсат етілетінін мәлімдеген еді.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·