Қамаудағы Мырзахметов Қайрат Боранбаевтың туыстарынан ақша талап еткен
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов Қайрат Боранбаевтың туыстарынан «30 миллион доллар берсеңдер, ағаларыңды түрмеден босатамын» деген желеумен пара сұраған, деп хабарлады КТК арнасы. Бүгін елордада былтыр мамырда Сыбайлас

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов Қайрат Боранбаевтың туыстарынан «30 миллион доллар берсеңдер, ағаларыңды түрмеден босатамын» деген желеумен пара сұраған, деп хабарлады КТК арнасы.
Бүгін елордада былтыр мамырда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ұстаған Мырзахметовтің алдын ала сот тыңдауы өтті. Ол алаяқтық және пара беруге итермелеу бабымен күдікке ілінген еді.
Бүгінгі сотта прокурор «Атамекеннің» бұрынғы басшысына қатысты біраз тың деректі айтты.
Тергеу мәліметінше, Қайрат Боранбаев істі болған соң Мырзахметов оның туыстарын жағалай бастаған. «Бостандықты сатып алып беретін жоғарыда тамыр-таныстарым бар» деп, оның туған бауыры Талғат Боранбаевтан әуелі 15 миллион доллар алған. Кейін 5 миллион сұратып, қалғанын іс біткен соң алуға уағдаласқан.
Фото:ашық дереккөзден
Todayinfo.kz
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·