Путиннен Ресейдегі қазақ жерлерін қайтаруды талап еткен Жансұлу Дархамбаеваны билік соттап жіберді
Ресей президенті Владимир Путинге тарихи қазақ жерлеріне қатысты үндеу жасаған Жансұлу Дархамбаева екі жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Todayinfo Dalanews сайтына сілтеме жасап. Ол Қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша «әлеуметтік және ұлттық араздықты қоздырды» де

Ресей президенті Владимир Путинге тарихи қазақ жерлеріне қатысты үндеу жасаған Жансұлу Дархамбаева екі жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Todayinfo Dalanews сайтына сілтеме жасап.
Ол Қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша «әлеуметтік және ұлттық араздықты қоздырды» деген айыппен сотталған.
Дархамбаева бірнеше бейнеүндеулерінде Путиннен Алтай, Орынбор, Астрахан, Қорған, Саратов, Курск, Новосібір мен Том өңірлерін «қайтаруды» талап еткен. Ол бұл өңірлердің «Қазақстанға жүз жылға жалға берілгені» туралы пікір айтқан. Бұл мәлімдемелер құқық қорғау органдарының назарына ілігіп, іс қозғалған болатын.
Қоғамда бұл оқиға түрлі пікір тудырды. Кейбір азаматтар Дархамбаеваның әрекетін ұлттық көзқарас пен патриоттық қадам деп бағаласа, енді біреулер оны ұлтаралық келісімге қатер төндіретін ұран деп сынға алды.
Осы іске қатысты пікірлер шетелдік БАҚ беттерінде де жарияланды. Ресейлік кей басылымдар Дархамбаеваның пікірін «русофобиялық сипаттағы арандатушылық» деп бағалап, Қазақстан сотының үкімін «сыртқы саяси тепе-теңдікті сақтау талпынысы» ретінде сипаттаған.
Фото: АР
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Үкімет кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асыруға кірісті
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Правительство приступило к комплексной реализации плана по развитию культуры чтения и формированию читающей нации
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
В Арыси пьяная водительница насмерть сбила трех человек и скрылась
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Наемные работники в системе ОСМС: ответы на часто задаваемые вопросы
Жаннұр Еділбаева·