Путин Тоқаевқа архивтен табылған президенттің әкесіне берілген марапат қағаз бен кітап сыйлады
Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі архивінен алынған Қазақстан Президентінің әкесі, гвардия сержанты Кемел Тоқаевты марапаттау парағын табыстады, деп хабарлайды Todayinfo Ақордаға сілтеме жасап. Құжатқа сәйкес, ол Кеңес Одағының Батыры

Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі архивінен алынған Қазақстан Президентінің әкесі, гвардия сержанты Кемел Тоқаевты марапаттау парағын табыстады, деп хабарлайды Todayinfo Ақордаға сілтеме жасап.
Құжатқа сәйкес, ол Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған. Алайда бұл атақ берілмеген.
Кемел Тоқаев Польша аумағындағы ұрыстарда көрсеткен ерлігі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен наградталған.
Сондай-ақ,Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Кемел Тоқаев пен Қасым Болтаевтың жауынгерлік жолы» атты кітапты сыйға тартты.
Кітап Қазақстан Президентінің әкесі мен нағашысы қатысқан соғыс күндерінің шежіресіне арналған және мұрағаттық материалдармен толықтырылған.
Мемлекет басшысының туған нағашысы Қасым Болтаев Ржев түбіндегі қанды шайқаста қаза тауып, Трубино ауылындағы Бауырластар зиратына жерленген.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·