Ұлытау облысы Полиция департаменті (ПД) ұйымдастырған дебаттық турнир мектеп оқушылары арасында буллингке «нөлдік төзімділік» атмосферасын қалыптастыруға бағытталған. Іс-шараның негізгі мақсаты – білім беру мекемелерінде заң үстемдігін нығайту, жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру.
Ұлытау облысы Полиция департаменті (ПД) ұйымдастырған дебаттық турнир мектеп оқушылары арасында буллингке «нөлдік төзімділік» атмосферасын қалыптастыруға бағытталған. Іс-шараның негізгі мақсаты – білім беру мекемелерінде заң үстемдігін нығайту, жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру және жастар ортасындағы қысымның кез келген фактілеріне жол бермеу, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Қоғамда құқықтық тәртіп орнату – бұл тек жазалау ғана емес, ең алдымен мәдениет пен жауапкершілікті қалыптастыру. Дебатқа қатысушылар топтарға бөлініп, отандық заңнамалық тетіктердің тиімділігі мен буллингпен күресте озық халықаралық тәжірибені қолдануды талқылады. Оқушылар кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша нақты ұсыныстар айтты.

Кездесу барысында сарапшы ретінде Ұлытау облысы ПД профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ерғали Қожабеков сөз сөйледі. Ол мектеп қабырғасында «Заң және Тәртіп» қағидатының маңыздылығын атап өтті:
«Ішкі істер органдары жұмысының басым бағыттарының бірі – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бүгінгі іс-шара оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. «Заң және Тәртіп» қағидаты әрбір мектептің мызғымас ережесіне айналуы тиіс. Әрбір жасөспірім өз іс-әрекеті үшін заң алдында жауапты ғана емес, сонымен қатар оның қорғауында екенін терең түсінуі керек. Біздің мақсатымыз – мектеп ортасында зорлық-зомбылыққа орын қалмайтындай құқықтық сананы қалыптастыру», – деп атап өтті полковник.
Сондай-ақ іс-шараға Ұлытау облысы прокуратура органдарының ардагерлер ұйымының төрағасы Ерболат Бүрібаев пен Жезқазған қаласы прокуратурасының аға прокуроры Уәлихан Сырлыбай қатысып, оқушыларға құқықтық кеңестер берді.
Сарапшылар оқушылардың ұсыныстарын қарап, оларды профилактикалық жұмысқа енгізу мүмкіндіктерін талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша құқық қорғау органдары мен білім беру ұйымдары арасындағы өзара іс-қимылды нығайту бойынша бірқатар шешімдер қабылданды.
«Заң және Тәртіп» қағидатының аясында осы бағыттағы жұмыс облыста тұрақты негізде жалғасатын болады.