"Облыс аумағында есірткіні заңсыз егу бойынша 65 дерек анықталса, 43 есірткі сату дерегі тіркелді. Заңсыз айналымнан 1 тоннадан астам есірткі заттары тәркіленіп алынды. Сондай-ақ, аса ірі көлемде есірткіні сақтау бойынша 19 дерек анықталса, облыс аумағында 2 ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды. Интернет арқылы синтетикалық есірткілердің таралуына жол бермеу мақсатында күнделікті мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде 1 382 ақпараттық сайт бұғатталды. Прокуратура органдарымен бірлесіп электронды банктік есепшоттарға жүргізілген мониторинг нәтижесінде есірткі сатумен айналысуы мүмкін 1 761 банк карталары анықталды. “Антифрод” бағдарламасы арқылы олардың айналымына шектеу қойылды. Ал, кинологиялық қызмет орталығы арқылы 50 қылмыс ашылды", - деді спикер.Биыл жаздан күзге дейін жалғасқан "Қарасора-2025" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 18 мобильді топ құрылған. Бұл жұмыстарға 241 қызметкер, 55 қызметтік автокөлік және 2 ұшу аппараты жұмылдырылды. Операция барысында тікұшақпен жүргізілген барлау жұмыстарының арқасында Шардара ауданынан 3 есірткі алқабы табылды. Ал Созақ ауданының таулы аймағында есірткі егетін ірі плантация анықталды. Қылмыс орнында Қызылорда облысының екі азаматы мен Шымкент қаласының бір тұрғыны ұсталды. Оқиға орнынан 829 түп қарасора, 2 352 түп көкнәр және тіркелмеген қару тәркіленді. Сараптама қорытындысы бойынша, табылған есірткінің жалпы салмағы 700 келіні құраған. Осы дерек бойынша аса ірі көлемде есірткі сақтаған 5 адам қамауға алынды. Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Түркістандық полицейлер есірткі саудасына қатысы бар 1761 банк картасын бұғаттады
Түркістан облысында 1 тоннадан астам есірткі тәркіленді. Арнайы операция барысында есірткі плантациялары анықталып, 1761 банк картасы бұғатталды.

Түркістан облысында есірткінің заңсыз айналымына қарсы ауқымды операциялардың нәтижесінде 1 тоннадан астам есірткі заты тәркіленді. Полиция қызметкерлері жүздеген құқық бұзушылықты анықтап, екі бірдей ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Түркістан облысы полиция департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Зиятаевтың мәлімдеуінше, жыл басынан бері есірткі қылмысына қатысты 425 дерек тіркелген. Оның 131-і – қылмыс, ал 294-і – теріс қылықты құқық бұзушылық.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·