Перизат Қайраттан тәркіленген 79 миллион теңгелік Lexus қаржы мониторингі агенттігіне берілді
Перизат Қайрат ісі бойынша тәркіленген құны 79 миллион теңге болатын Lexus LX 600 көлігі аукцион қорытындысымен Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі балансына берілді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Перизат Қайратқа қатысты қылмыстық іс бойынша тәр

Перизат Қайрат ісі бойынша тәркіленген құны 79 миллион теңге болатын Lexus LX 600 көлігі аукцион қорытындысымен Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі балансына берілді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Перизат Қайратқа қатысты қылмыстық іс бойынша тәркіленген құны 79 миллион теңге болатын Lexus LX 600 көлігі қаржы мониторинг агенттігі (АФМ) балансына берілді.
Қара түсті жол талғамайтын көлік 2025 жылдың қарашасында өткен аукцион қорытындысы бойынша мемлекеттік органға берілген. Автокөлік Перизат Қайраттың анасы Ғайни Алашбаеваның бауырының атына тіркелген.
Тергеу деректеріне сәйкес, Перизат Қайрат пен оның анасы қайырымдылық мақсатында жиналған қаражатты жымқыру және жылыстату ісіне қатысы бар деп танылған. Сот үкімімен Перизат Қайрат 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Анасы 7 жылға сотталды. Екеуінен 50 жәбірленушінің пайдасына 1,582 миллиард теңге өндірілетін болды.
Сонымен қатар сот шешімімен Перизат Қайрат "Шапағат" медалінен айырылды. Қазір іс бойынша тәркіленген басқа мүліктер әлі мемлекеттік органдарға берілген жоқ. Олар кейін құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылуы мүмкін.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·