Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларБарлық жазбаларды қарау

Перизат Қайрат тергеу изоляторында өзін ұрып-соққанын айтты

Қайырымдылық мақсатында жиналған 3 миллиард теңгеден астам қаржыны жымқырды деп айыпталып жатқан Перизат Қайрат Астанада өткен алдын ала сот тыңдауы барысында тергеу изоляторы қызметкерлерінің тарапынан соққыға жығылғанын ашық айтты,деп хабарлайды  Todayinfo. Журналистер сұр

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Перизат Қайрат тергеу изоляторында өзін ұрып-соққанын айтты
Қайырымдылық мақсатында жиналған 3 миллиард теңгеден астам қаржыны жымқырды деп айыпталып жатқан Перизат Қайрат Астанада өткен алдын ала сот тыңдауы барысында тергеу изоляторы қызметкерлерінің тарапынан соққыға жығылғанын ашық айтты,деп хабарлайды Todayinfo. Журналистер сұрағына жауап берген ол моральдық тұрғыдан әбден шаршағанын жеткізді.
«Мені тергеу изоляторының қызметкерлері ұрғанын енді ашық айта аламын. Астана қаласы прокуратурасында қылмыстық іс қозғалды. Қазір жағдайым жақсы», – деді айыпталушы.
Сондай-ақ Перизат Қайрат өзіне осы күнге дейін бірнеше рет өтініш жазғанына қарамастан, бірде-бір рет қоғамдық қорғаушы тағайындалмағанын атап өтті. «Бүгін мен анамды алғаш рет көріп тұрмын», – деген кезде ол сот залында көз жасын тия алмады. 9 шілде күні Астанада Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы басталды. Судья алдағы сот процесінің форматы – ашық немесе жабық түрде өтетінін осы тыңдаудан кейін шешетін болады.  

Ұқсас материалдар

Перизат Қайрат тергеу изоляторында өзін ұрып-соққанын айтты · Todayinfo