Парижде Луврдан кейін тағы бір батыл тонау болды: €150 мың тұратын сапфир ұрланды
Париждің 10-округінде қарулы адам зергерлік тасымалдаушыларға шабуыл жасап, €150 мың тұратын сапфирді алып кетті. Тергеу жүріп жатыр.

Париждің қақ ортасында зергерлік бұйымдарды тасымалдау кезінде қарулы тонау болып, қаскөй шамамен €150 мың тұратын қымбат сапфирді алып кеткен.
Бұл туралы Todayinfo порталы хабарлайды.
Оқиға 10-округте тіркелген. Қымбат заттарды тасымалдайтын компания қызметкерлері зергерлік бутикке жүк жеткізіп, түсіру үшін тоқтаған сәтте белгісіз ер адам шабуыл жасаған.
Тергеу дерегінше, қаскөйдің қолында тапанша мен балға (кувалда) болған. Ол тасымалдаушылардың бағытын алдын ала біліп, фургон маңында күтіп тұрған болуы мүмкін.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·