Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Отбасындағы құндылықтар үйлесімділігі»: ҚазҰУ-дың Философия және саясаттану факультетінде маңызды жиын өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетінде «Отбасындағы құндылықтар үйлесімділігі» атты семинар өтті. Қазіргі қоғамдағы отбасылық институттың тұрақтылығы мен үйлесімділігі – тек әлеуметтік қана емес, сонымен қатар философиялық, психоло

Авторы Жаннұр Еділбаева··2 мин оқу
«Отбасындағы құндылықтар үйлесімділігі»: ҚазҰУ-дың Философия және саясаттану факультетінде маңызды жиын өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетінде «Отбасындағы құндылықтар үйлесімділігі» атты семинар өтті. Қазіргі қоғамдағы отбасылық институттың тұрақтылығы мен үйлесімділігі – тек әлеуметтік қана емес, сонымен қатар философиялық, психологиялық, құқықтық және діни тұрғыдан өзекті мәселе. Семинарға университет оқытушылары, магистранттар мен студенттер қатысып, қоғамдағы отбасылық құндылықтардың рөлі, олардың трансформациясы және үйлесімді қарым-қатынасты сақтау жолдары кеңінен талқыланды. Іс-шара Дінтану және мәдениеттану кафедрасының бастамасымен, «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» тұрақты даму мақсаты аясында ұйымдастырылды. Семинар спикері Ақан Мергенбай (отбасылық эксперт, коуч, психолог) қазақ қоғамындағы отбасы институтының тарихи маңыздылығына, оның өзгеруіне және ажырасу мәселесінің басты себептеріне тоқталды. Қатысушылар отбасылық тұрақтылықты қамтамасыз ету, ұрпақ тәрбиесінде құндылықтардың рөлін арттыру, заманауи отбасылардағы басты қиындықтарды еңсеру жолдары туралы пікір алмасты. Отбасындағы үйлесімділік мәселесін зерттеушілер бірнеше маңызды факторларды атап көрсетті. Оның ішінде, қазіргі қоғамдағы отбасылық рөлдердің өзгеруі; жастардың отбасы құруға деген көзқарасының өзгеруі және оның себептеріне; ажырасудың әлеуметтік және психологиялық факторларына; отбасылық қатынастарды нығайтудағы дәстүрлі құндылықтардың орнына; отбасылық қарым-қатынасты сақтаудың маңызына мән берілді. Қатысушылар отбасылық құндылықтарды дәріптеу арқылы қоғамда үйлесімділікті қалыптастыру қажеттігін ерекше атап өтті. Семинар барысында жас ұрпақтың отбасылық қарым-қатынастарға деген жауапкершілігін арттыру және отбасы институтының беріктігін нығайту үшін қандай шаралар қажет екені кеңінен талқыланды. Семинардың қорытындысында қатысушылар отбасы институтының маңызын сақтау, құндылықтық дағдарысты еңсеру және ұлттық дәстүрлерді жаңғырту қажеттігіне баса назар аударды. Бұл іс-шара қоғамдағы отбасылық институттың тұрақтылығын нығайтуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.

Ұқсас материалдар

«Отбасындағы құндылықтар үйлесімділігі»: ҚазҰУ-дың Философия және саясаттану факультетінде маңызды жиын өтті · Todayinfo