Орыс блогеры: “Қазақтар құрметпен орысшаға ауысады, бірақ оны теріс пайдаланбайық”
Александра Мыскина қазақтардың өзге ұлтқа құрметпен орысшаға ауысатынын айтып, оны теріс пайдаланбауға шақырды.

Александра Мыскина Facebook-та Қазақстандағы тіл мәдениеті туралы пікірін жазып, қазақтардың өзге ұлт өкілін көргенде орысшаға ауысуын «құрметтің белгісі» деп түсіндірді. Оның айтуынша, бұл әдет кейде дұрыс бағаланбай, керісінше «ыңғайлы мүмкіндікке» айналып кетіп жатады.
Бұл туралы Todayinfo порталы хабарлайды.
Мыскинаның сөзінше, ол бір кездері қазақша сөйлеп тұрған ортаға славян адам қосылғанда, бәрі бірден орысшаға ауысатынын байқаған. Неліктен бұлай болатынын сұрағанда, жауап ретінде «құрмет, түсіністік» деген уәж естігенін айтады.
Оның ойынша, қазақ тілі – қазақ үшін аса қымбат құндылық болғанымен, одан да маңыздысы – өзгені сыйлау мәдениеті. Автор бұл қасиет қазақ қоғамында ерекше қадірленетінін атап өтеді.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·