Todayinfo.kz
РуханиятБарлық жазбаларды қарау

Ораза тек қарынды емес, жүректі де тазарту керек – Мұхамеджан Тазабек

Танымал уағызшы Мұхамеджан Тазабек қасиетті Рамазан айының мәні мен оразаның адам баласына берер пайдасы туралы ой қозғады, деп хабарлайды Todayinfo. Оның айтуынша, оразаның ең үлкен пайдасы – тақуалыққа жету, яғни Аллаға жақындау. «Адам Раббысын тани түспесе, Ол жайлы осы айда к

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Ораза тек қарынды емес, жүректі де тазарту керек – Мұхамеджан Тазабек
Танымал уағызшы Мұхамеджан Тазабек қасиетті Рамазан айының мәні мен оразаның адам баласына берер пайдасы туралы ой қозғады, деп хабарлайды Todayinfo. Оның айтуынша, оразаның ең үлкен пайдасы – тақуалыққа жету, яғни Аллаға жақындау.
«Адам Раббысын тани түспесе, Ол жайлы осы айда көбірек ойлап, Онымен қарым-қатынасындағы қателерді дұрыстап, ризашылығын табудағы талпыныстарын күшейтпесе – тек қарнын босатып, бекер аш жүрген пенде болып қалуы мүмкін»,– деп жазады Тазабек.
Оның пікірінше, өзгеру мен жаман қылықтан арылудың ең төте жолы – өз-өзіңді тәрбиелеу.
«Бұрын жиі боқтасаң, ең құрығанда кешке дейін тіліңді таза ұста. Тыз еткен ашуланшақ болсаң, ең болмағанда ауыз ашқанша сабыр сақта. Екі күнде байқалмас, бес күнде білінбес, бірақ бір айдан соң басқа адамға айнала бастағаныңды өзің де сезесің...»
Тазабек Рамазан айын өзгеруге, тазаруға және жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын уақыт деп санайды.

Ұқсас материалдар

Ораза тек қарынды емес, жүректі де тазарту керек – Мұхамеджан Тазабек · Todayinfo