Оралда Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай құрмет көрсетілді
Бүгін ұлы қазақ ақыны, ойшылы және ағартушысы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай Орал қаласында оның ескерткішіне гүл қою рәсімі өтті. Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, басқарма басшылары, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, студенттер мен оқушылар

Бүгін ұлы қазақ ақыны, ойшылы және ағартушысы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай Орал қаласында оның ескерткішіне гүл қою рәсімі өтті.
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, басқарма басшылары, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, студенттер мен оқушылар қазақ халқының ұлы перзентіне тағзым етті.
Салтанатты шарада Нариман Төреғалиев Абайдың рухани мұрасының қазіргі және болашақ ұрпақ үшін баға жетпес бағдар екенін атап өтті:
«Абай Құнанбайұлы – даналықтың, адамгершіліктің және білімге ұмтылудың символы. Оның сөзі мен идеялары бүгін де өзекті, бізді өрлеуге, ұлттық рухты нығайтуға және мәдени құндылықтарды сақтауға шабыттандырады», - деді Н. Төреғалиев.
Сонымен қатар, салтанатты жиында аймақ басшысы жуырда Семей қаласында өткен марафонда топ жарған оралдық спортшының жеңісін де атап өтті. Нариман Төреғалиевтің айтуынша бұл жетістік – өңір жастарының табандылығы мен жеңіске деген жігерінің айқын көрінісі, ұлы ойшылдың күллі даламызға ортақ екенінің айғағы.
Іс-шара барысында қатысушылар ұлы ойшылды бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Өңірдің шығармашыл жастары Абайдың өлеңдерін оқып, облыстық филармония әртістері оның белгілі музыкалық шығармаларын орындады.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·