Оралда 13 жасар қызды топ болып зорлаған оқушылардың соты басталды
Оралда 13 жасар қызды топ болып зорлады деген күдікке ілінген мектеп оқушыларының соты басталды. Айыпталушылар – 5 адам. Бұл туралы Todayinfo« Мой город » сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Қылмыс 12 маусымда сағат 01:00 шамасында болған. 15-16 жастағы 4 жасөспірім жалдамалы пәтер

Оралда 13 жасар қызды топ болып зорлады деген күдікке ілінген мектеп оқушыларының соты басталды. Айыпталушылар – 5 адам. Бұл туралы Todayinfo«Мой город» сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қылмыс 12 маусымда сағат 01:00 шамасында болған. 15-16 жастағы 4 жасөспірім жалдамалы пәтерде 13 жастағы қызды зорлаған. Кейін тағы бір жас жігіт күдікке ілікті. Ол – ересек. Қылмыс болған пәтерді де кәмелетке толған жігіт жалға алған. Тергеу мәліметтері бойынша, олар қызды пәтерге алдап кіргізген.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, сотқа жіберілгенін хабарлады. Облыстық сот баспасөз қызметінің мәліметінше, іс өткен жылдың 13 желтоқсанында қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотына түскен. Қазір ол қарастырылып жатыр. Процесс зардап шеккендер мен айыпталушылардың жасына байланысты, жабық режимде өтеді.
Айыпталушыларға ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігі («Кәмелетке толмағанды зорлау») бойынша айып тағылды. Бұған қоса, оларға ұрлық пен тонау жасады деген айып тағылып отыр.
Todayinfo.kz
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·