Олжас Бектенов ресейлік губернатормен шекара маңы мәселелерін талқылады
[ad_1] Премьер-министр Олжас Бектенов пен Түмен облысының губернаторы Александр Моор Қазақстан-Ресей сауда қатынастарын дамыту аясындағы аймақаралық және шекара маңы ынтымақтастығы мәселелерін талқылады. Үкімет баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы қаңтар-мамыр айларында Қазақс

[ad_1]
Премьер-министр Олжас Бектенов пен Түмен облысының губернаторы Александр Моор Қазақстан-Ресей сауда қатынастарын дамыту аясындағы аймақаралық және шекара маңы ынтымақтастығы мәселелерін талқылады.
Үкімет баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы қаңтар-мамыр айларында Қазақстан өңірлері мен Түмен облысы арасындағы тауар айналымы 113,3 млн долларға жеткен.
Кездесу барысында мемлекеттік шекара арқылы жүк-жолаушы тасымалы бойынша көпжақты өткізу пунктін реконструкциялау жобасы қаралды. Шекаралардағы кіру жолақтарын кеңейту және жүк көлігі бағытында 2 жолақ, жеңіл көлік бағытында 4 жолақ салу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар мәдени-гуманитарлық ынтымақтастыққа, жоғары білім, туризм және спорт салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне назар аударылды.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·